Разделите рассказ на части и дайте им названия .
Наталья в категроии Языкознание, филология, вопрос открыт 08.04.2018 в 13:14
Бір күні Алмабек жолдастарымен бірге өзенге шомылуға келді. Олар шешініп те үлгірмеп еді, ауа райы күрт бұзылып, аспанды қара бұлт басып кетті. Азынап жел тұрды. Балалар сасқалақтап, үйлеріне қарай жүгіре жөнелісті.
Алмабек те жүгіріп келе жатыр еді, ағаштың жыландай ысылдап, майысқан бұтақтарының бірі кенет оның басынан кепкасын қағып, ұшырып жіберді. Ол жалт бұрылып, кепкасын ұстап алмақ болып еді, жолдастарынан адасып қалды. Ал кепка тоқтар емес. Ағаштын қалың ішіне қарай домалап барады. Алмабек әне жетем, міне жетем деп қуа берді. Балалар бұл кезде ұзап кетті.
Дәл сол уақытта адам айтса нанғысыз ғажап оқиға болды. Орман іші азан-қазан жаңғырып кетті. Түйе беліндей жуан бәйтерек майысып келіп, Алмабекті баса жаздап, жолына көлденеңнен тосқауыл бола қалды. Алмабек қорыққанынан шыңғырып жіберіп, кейін қарай жалт берді. Сол кезде тұс-тұстан:
– Ә, бәлем, Алмабек, қолымызға түстің бе? – деген ашулы дауыстар жамырап естілді.
Алмабекте ес қалмады. Ағашы аздау жермен жүгіріп өтпекші болып еді, ұзын ақ қайың жапырақтары жалпылдап, алдын тағы бөгей қалды. Алмабек кейін қарай жалт берді. Маңайдағы ағаштар су-су етіп, төніп келіп қалғанын көрді. Бірнеше солқылдақ көк шыбық жотадан шып-шып еткізіп, шарпып өтті.
– Сендерге мен не жаздым?! – деп Алмабек жылап жіберді. Сол кезде төбесі көк тіреген, көпті көріп, көп жасаған орман атасы кәрі еменнің гүжілдеген жуан даусы естілді:
– Сенің жазығың сол: біздің бірнеше жас шыбығымызды үйіңнің қасына отырғызбақ болып, қазып әкетіп едің, нағыз азап хәлге салып қойыпсың. Түбі босатылмай, қатып қалыпты. Тамыры суарып, қурап бара жатқан көрінеді. Осы қылығың адамшылыққа жата ма? Ағаштан көрген не жамандығың бар?
Істің мәң-жайы Алмабекке әбден түсінікті болды.
– Кешіріңіздер. Кешіре көріңіздер! – деді Алмабек.
– Мен отырғызан ағаштарымды бүгіннен бастап мепелеп күтуге уəде беремін .
– Жарайды , – деді қарт емен,олай болса, бар үйіңе . Алмабек үйіне келді .Дереу күрек алып, ағаштардың түбін қопсытты .
Арықтан су əкеліп құйды .Құрт түспес үшін ағаштың түп жағын əкпен ақтап қойды.Аз кунде ағаш қайтадан жанданды.
0 ответов
Зарегистрируйтесь или авторизируйтесь на сайте чтобы оставить ответ на вопрос.