10. Тапсырма: Етістік. Есімше.
MariYADA в категроии Языкознание, филология, вопрос открыт 30.05.2018 в 11:12
Берілген сөйлемдерде етістіктерді анықтап, жасалу жолын түсіндіру: Ертең мектепке барармын. Қызықты қазір көрерсің.
11. Тапсырма: Етістік.Көсемше.
Берілген етістіктердің ішінен көсемше тұлғалы етістіктерді табу, сөйлем құрау. Айтты, жүргізді, жазғалы, отыр, айтыпты, келеді, жапқалы, санай, алып барады, келіп отыр.
12. Тапсырма: .Етіс түрлері.
Берілген сөзге морфологиялық талдау жасау: жинасты, кіргіздім, салынды.
13. Тапсырма: Етістік Рай категориялары.
«Тыңдау» -етістікті қалау рай тұлғасында жіктеңіз
14. Одағай. Одағайдың түрлері.
Одағайларды пайдаланып, сөйлем құрап жазыңыз. Одағайдың түрлерін ажыратыңыз.
Алақай, бәрекелді, қап, шіркін, тәйт, мәссаған.
15. Еліктеу сөз.
Көп нүктенің орнына тиісті еліктеуіш пен бейнелеуіш сөздерді қойып жазыңыз.
Нұржанның екі құлағы ..... ете түсті. Ағаштар ....... құлап жатты. Ол .... етіп қайта құлады. Жанар күтпеген сөзге .... етті.
Қажетті сөздер: селк, қираң, сарт-сұрт, шың.
16. Сөйлем. сөйлемнің түрлерін ажыратыңыз:
Біз дүкенге барамыз.
Алақай, мен емтихан тапсырдым, Сіз өлеңді қашан оқисыз? Сен жаттап кел
17. Сөйлем мүшелері.
Сөйлемдерді түріне қарай ажыратыңыз, 1 сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. Автобус бірде тез жүреді, бірде баяу жүреді. Менің мектепке келгеніме жарты сағат болды, бірақ жиналыс әлі басталған жоқ. Сәрсенбі күні киноға не сен барасың, не мен барамын.
18. Сын есімдерді күшейтпелі шырайда жаз: дәмді, аласа, қызыл, таза, күшті Асты сызылған сөзді жікте
19. Берілген есімдіктерді топта: сен, өзім, әрқалай, мынау, қашан, барлық.
Асты сызылған есімдікті септе
0 ответов
Зарегистрируйтесь или авторизируйтесь на сайте чтобы оставить ответ на вопрос.