1. Сұрау есімдігі арқылы келген сөйлем көбінде қай қатарға тән, көрсетіңіз.
Наталия в категроии Языкознание, филология, вопрос открыт 17.06.2018 в 16:12
A) Толымды сөйлем
B) Жақсыз сөйлем
C) Құрмалас сөйлем
D) Сұраулы сөйлем
E) Бұйрықты сөйлем.
2. Ауыспалы мағынаны көрсетіңіз.
A) Ұйықташы, жаным, алтыным.
B) Алтын-пайдалы қазба.
C) Ол алтын алқа сатып алды.
D) Әр ақылымның бағасы – мың алтын динар.
E) Алтын теңге шығарылды.
3. Қате жазылған сөзді көрсетіңіз.
A) Тарихты
B) Клубтар
C) Металдарға
D) Цехтің
E) Табелі
4. Демеулік шылауды көрсетіңіз.
A) Кешеден бері
B) Түспей-ақ қой
C) Сол себепті
D) Қызық сияқты
E) Сен түгіл
5. Жақты сөйлемді табыңыз.
A) Нариман саумал қымызды тамсана ішті.
B) Бұдан еш нәтиже шығаруға болмайды.
C) Орындалған арман.
D) Бұл іспен шатастыруға болмайды.
E) Сараның қалаға баруына тура келді.
6. Ыңғайлас салаластың ішіндегі қайталанбай келетін жалғаулықты атаңыз.
A) Да, де
B) Және
C) Сондықтан
D) Бірде
E) Болмаса
7. Одағай сөзді көрсетіңіз.
A) Жанатбек, мынаны қарай тұр.
B) Армандарына жетіп, көңілдері бір жайланды.
C) Бәрекелді, мынау қызық екен.
D) О заман да, бұ заман, мұндай сұмдық естіп пе ең?
E) Өмір өтті, озды, қартайды.
8. Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.
A) Әндер, күйлер, сенсің
B) Ауылға, институтқа, досыма
C) Аялдама, айтыс, күрек
D) Дәрінің, тонның, қаланың
E) Адаммын, қонақсың, келіңдер
9. Қосымшалы түбірдің қайталануынан жасалған қос сөзді табыңыз.
A) Көре-көре
B) Өз-өзіне
C) Жарқ-жұрқ
D) Биік-биік
E) Көзбе-көз
10. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.
A) Жазық дала.
B) Өмір қызық.
D) Дала жазық.
E) Зал кең.
11. Кірме сөзді көрсетіңіз:
А) дәптер
В) орындық
С) сандықша
Д) әкел
Е) оқулық
12.Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз:
А) толымды сөйлем
В) халық шығармалары
С) талағы тарс айрылу
Д) нақты мәлімет
Е) орнына келу
13.Жай септеу үлгісіндегі сөздерді белгілеңіз:
А) арнасында
В) қасына
С) арымның
Д) балалықтың
Е) кезегімен
14.Етістіктен жасалған сын есімді табыңыз:
А) сыртқы
В) толық
С) кешкі
Д) тершең
Е) көгілдір
15.Қашанғы? Қайдағы? – қай сөйлем мүшесінің сұрақтары?
А) бастауыш
В) баяндауыш
С) анықтауыш
Д) толықтауыш
Е) пысықтауыш
16.Синонимдік қатарды табыңыз.
А) Ақ, ауыл, айшылық
В) Сұлу, қайың, бурыл
С) Уағыз, әлем, терең
Д) Уәде, серт, ант
Е) Толық, тұман, жеңіл
17 Антонимдік жұпты табыңыз.
А) Биік- терең
В) Үлкен- алып
С) Алғыр-шешен
Д) Қиын-ауыр
Е) Күйлі-көтерем
18. Термин сөзді табыңыз.
А) Толықтауыш
В) Қызыл
С) Баяу
Д) Бағдаршам
Е) Қылқалам
19. Қазақ тілінің үндестік заңына бағынбайтын сөздерді көрсетіңіз.
А) Жұмысшы, дәрігер
В) Мекеме, әкім
С) Құрмет, қызметкер
Д) Жазушы, егін
Е) Жүзім, үкім
20. Ілгерінді ықпалды табыңыз.
А) Добымыз
В) Ашса
С) Табыңыз
Д) Қара ала
Е) Тұзсыз
21.Сөз тудырушы жұрнақты табыңыз.
А) Бірге
В) Екеуле
С) Ботақан
Д) Кең маңдайлы
Е) Тыңайтқыш
22. Сапалық күрделі сын есімді табыңыз.
А) Үлгілі
В) Сап- сары
С) Епті
Д) Биязы
Е) Бойшаң
23. Болжалдық сан есімді табыңыз.
А) Үш жарым
В) Төртеу
С) Алпыс
Д) Жиырмадай
Е) Бесеуден
24. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.
А) Оның әжесі көп ертегі білетін.
В) Көп жылдық қарт еменнің еш жапырағы қалмапты.
С) Олар ертелі- кеш еңбек етіп жүр.
Д) Інісі мектеп бітіргелі жатыр.
Е) Мұсаның атасы ұста болған.
25. Тек тұрлаулы мүшелерден құралған сөйлем түрі.
А) Жақсыз
В) Атаулы
С) Толымды
Д) Жалаң
Е) Жайылмаш
0 ответов
Зарегистрируйтесь или авторизируйтесь на сайте чтобы оставить ответ на вопрос.