Пожалуйста помогите нужен перевод Айбота: - Сүйінші, сүйінші! Ауылдан әжем келді. Ермек: - Сүйінші сұрау - шын қуанғандықтың белгісі.

[email protected] в категроии Языкознание, филология, вопрос открыт 06.09.2018 в 05:09

Қуаньш тұр екенсің, міне, сүйіншіңді ал. Анар: - Айбота, артыңа жасырып тұрғаның не нәрсе? Айбота: - Байғазы берсең, көрсетем. Анар: - Байғазы - балалардың жаңа киімі үшін берілетін сый. Байғазы сұрағанның артықшылығы жоқ. Саған моншағымды берейін, көрсетші. Айбота: - (Басына бас киімін киіп) Міне, әжем тігіп берген бас киім. Ал атам маған қошақан сыйлады. Қозымды көргілерің келсе, көрімдігін даярлаңдар. Анар: - Байғазы жансыз дүниеге, ал көрімдік жандыға беріледі. Марат: - Әйгерім, білесің бе? Менің ағам Түркияға қыдырып кетті. Әйгөрім: - Онда сенің әжең тоқымқағар жасайды екен ғой. Марат: - Ол не? Әйгерім: - Адам алғаш рет алыс жолға шыққанда жасалатын басқосу. Мал сойылып, ойын-сауық, өлең-жыр айтылады. Марат: - Егер ағам маған сыйлық әкелсе, ең жақсысын саған беремін, өйткені сен менің нағыз досымсың ғой. Әйгерім: - Алыс сапарға шыққан адамдар туысқандарына сыйлық әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл - жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі.

0 ответов

Нет результатов.
Оставлять ответы могут только авторизированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или  авторизируйтесь на сайте чтобы оставить ответ на вопрос.