1)Бірде арыстан тұрған тордың ішіне жаңа туған қозыны әкеліп тастады.

[email protected] в категроии Разное, вопрос открыт 28.05.2017 в 10:03


Түк білмейтін жаңа туған қозы арыстаннан қорқудың орнына, оның жанына жақын барып, үсті-басын иіскелеп, мазасын алады. Арыстанды өзімнің енем деп ойласа керек. Мұны көрген аң патшасы жас қозыны бас салып жеудің орнына, аңқиып тұрып қалды. Ал қозы болса, одан әрі еркінси, сүйкеніп тоқтар емес, қайта оған жабысып, жақындай түсті.

Айбатты арыстан жас қозының сүйкімді сәби қылығына қайран қалғандай тәкәппар ұлылықпен, әрі іштей бір бейкүнә жылылықпен қайта-қайта қарай берді. Оны жей салуға батылы жетпеді. Сөйтіп, аш арыстан еріксіз көзін жұмып, қалғып кетті. (нужен перевод)


2) көктем жаршысы тырналар , Көктемде тыраулап тырналар келді , Көк аспаннан олардың әсем үні құлағына шалынады , Аспанға қарасаң , тізбектеле ұшқан тырналарды көресің , Олар күзде тастап кеткен мекеніне қайта ұшып келеді , Күн ұясына қона , олар аялдама жасайды , Олар түні бойы қонақтап демалады , Ертеңгі сапарға күш жинайды , Тырна өте сақ құс , Күзетте кәрі тырна тұрады (перевод)

3)Арменияның астанасы Ереванда бүкіл дүние жүзіне белгілі сирек кездесетін көне жазбалардың қоймасы әгілі Матендаран мұражайы бар , Осында адамзат тарихында байланысты аса қымбат әрі ежелгі 10 мыңнан астам қолжазба жинақталған , Матендаранда сақталған әрбір қолжазба әдемі жазумен , өшпейтін бояумен жазылған. Кітаптың әр тарауына, әр бетіне адамның, құстың, өсімдіктердің аңыз-ертегіге байланысты суреттері салынған. Осындай әдемі суреттермен жазылған кітаптардың тысы алтынмен, күміспен, кейде былғарымен безендірілген. Матендаранға келген адамның көзі бірден салмағы 32 келі, ал жасалуына 608 бұзаудың терісі кеткен алып кітапқа түседі. Кітап белгісіз арнайы сиямен жазылған. (составить диалог)

4)Қазіргі заман газеті әуелі баста ежелгі Шығыс қалаларында жұрт көп жиналатын жерлерге ілініп қойылатын жаңалықтар мен ресми хабарлардың жинақтары болған. XVI ғасырда Венецияда жаңалық хабарларды жинақтайтын бюролар құрылып, «жаңалық жазатын» кәсіп пайда болды. Осы бюрода жазылған жаңалықтар, қолжазба парақтар Венецияның сол кездегі «газетта» деп аталатын ақшасына сатылатын болды. 1631 жылы француздың Ремадо деген кәсіпкері «Парижде» деп аталатын мерзімді басылым шығара бастағаннан былай «газет» деген сөз осы күнгі мағынасында таралды.газет шығару ісі қағаз көп жасала бастаған заманда барынша өркендеді. Біздің елімізде қазақ тіліндегі алғашқы газет 1870-1882 жылдары шығып тұрған «Түркістан уәлайаты» газеті болды. Бұл газетте қазақ халқының тарихы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы,мәдениеті мен фольклоры жөнінде көптеген материалдар жарияланып тұрды.( составить диалог)

5)Жапонияда ергежейлі ағаштар өсіруді осы елге ғана тән ұлттық әуестік деуге болады.Мұндай ағаштардың жасы кейде жүздеген жылдарға жетеді және олар мың доллардан бағаланады.Әдетте, олардың бойын жетпіс-сексен сантиметрден асырмайды. Ергежейлі ағаштар өсірудің «бонсай» деп аталатын өнерінің дәстүрі ежелгі заманнан – сонау он үшінші ғасырдан бастау алады.
Ағаштың әсем де нәзік болуы иесінің өнеріне байланысты.
Ағаш қажет шамадан тез өсе бастаған кезде, оның артық тамырлары қиылып отырады және су мен күн көзінің түсуі күрт азайтылады.
Тамырлары жалаңаштанған немесе төгіліп тұрғандай болып өскен ағаштар айрықша бағаланады.Бұл елде төрт жүз жылдан бері өсіп тұрған ергежейлі ағаштар бар. Бұлар тұтас бір әулеттің мұралық дәстүрі болып саналады. (ергежейлі - декоративный (составить диалог)

6)Мен көбіне спорттық киім кигенді ұнатамын. Спорттық киім жүріс-тұрысқа, отырып - тұруға өте ыңғайлы. Осы стильдегі киімде өзіңді еркін сезінесің. Спорттық киім денеңді қыспайды, қимылыңды шектемейді. Спорттық киімдер жоғары технологиялы материалдардан жасалады. Олар денеге ауа жібереді, ылғал тигізбейді. Бұл киімдер - спортпен шұғылдансаң да, жай қыдыруға кисең де ыңғайлы. Спорттық киімдер көбіне қанық ашық түсті матадан тігіледі. Ал ашық түстер менің көңіл- күйімді көтеріп, күні бойы сергек жүруіме әсер етеді.
Қазақстан құрамасының спорттық киімі – көк түсті. Маған біздің құраманың осы түсті таңдағаны қатты ұнайды. Аспан түстес көк түс адамның көңілін бірден көтереді. Бірақ олардың дизайны жыл сайын өзгеріп отырады. Ол дизайнды өз талғамыңа қарай таңдауға мүмкіндік береді.
(составить диалог)

0 ответов

Нет результатов.
Оставлять ответы могут только авторизированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или  авторизируйтесь на сайте чтобы оставить ответ на вопрос.