Отбасылық дәстүрлер - шаңырақ тірегі
[email protected] в категроии Языкознание, филология, вопрос открыт 02.06.2017 в 08:43
Отбасында белгілі дәстүрлер қалыптасуы керек. Ол отбасы үшін өте маңызды. Мына кісінің есімі - Қуанышбек. Оның отбасы үлкен. Оның әкесі, шешесі бар. Қуанышбектің әйелінің аты - Забира. Олардың бір ұлы және екі қызы бар. Қуанышбек пен Забира үш баласына қамқор болып, жақсы шаңырақта тәрбиелеуге күш салады. Ол үшін ұлттық дәстүрлерді бұзбай ұстауға тырысады. Үйге қонақ шақырып, қазақ дастарқанын даярлауды балаларына үйретеді. Өздері де сыйластық сақтауды дәстүр қылған. Қуанышбек отбасымен демалыс күндерін бірге өткізіп, саяжайда бақша егуге, саяхатқа шығуға, машинамен қыдыруға құмар. Забира отбасымен бірге ұлттық тағамдар әзірлеуді, шет тілдерін үйренуді жақсы көреді. Бұл отбасында жексенбі сайын қонақ шақыру, оларды күту дәстүрі қалыптасқан. Сенбі күні кешке балаларымен отбасылық сұхбат құрып, кітап оқиды. Теледидар, радио арқылы жаңалықтармен танысады. Жақсы дәстүр - отбасының берік шаңыраққа айналуының тірегі.
0 ответов
Зарегистрируйтесь или авторизируйтесь на сайте чтобы оставить ответ на вопрос.