ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА С ПЕРЕВОДОМ!
[email protected] в категроии Языкознание, филология, вопрос открыт 16.08.2017 в 20:01
Қысқы демалыс.
Күн аязсыз, жылы. Ауылды тас жол қақа жарып жатыр . Жол
үстіне шанасын сүйрей шыққан Самат:
- Ойынға мені де қосындаршы , - деп жалынып тұр.
- Сені ме? - деп, өзімен тете Нұржан өтіп бара жатып кілт
бұрылды . Самат жасқана күмілжіп басын изеді .
- Мына
танкімен бе? – деп жаратпай ,
иегімен тұрқы ұзын шанасын меңзеп , мырс етті.
Шаналылар
бірін-бірі қуып , қағып-соғып жатыр. Жол үсті айқай-шу. Ойын қызған шақ. Балалар
ешкімді көзге ілер емес. Нұржан қарсы
келген әжейді қаға-маға өте шықты. Әжей
мұз үстіне жамбастап отыра кетті.
Нұржанның бұл қылығына Самат ұялды. Ол жығылып қалған
әжейді аяп, қол ұшын беруге ұмтылды.
-Әже, - деді Самат қолына жармасып.
-Ой, айналып
қана кетейін баласынан! –деп әжей Саматты бауырына тартып, маңдайынан иіскеп,
бетінен сүйді.
-Әже,
отырыңыз, -деп шанасын көлденең тартты.
-Көсегең
көгерсін, былым! – деп әже алғысын жаудырды.
Самат Нұржан менсінбей
«танкі» деп ойынға қоспаған шананың бір кәдеге жарағанына іштей қуанышты .
- Кімнің
баласы едің? – деді әжей.
- Бегім атамның
баласымын, - деді Самат.
- Ой,
бәрекелді! Атасының аузынан түсе қалғандай ұқсаүын өзінің! – деп іліп ала
жөнелді.
Атасы туралы
жылы сөз естіген Самат шаттана түсті. Көңілі тасып, көзінен нұр төгілген ол
шанасын әжейдін үйіне қарай зымырата жөнелді.
0 ответов
Зарегистрируйтесь или авторизируйтесь на сайте чтобы оставить ответ на вопрос.