Переведите плиз вот это Жапан даладағы жалғыз үйдің қасында құдық бар. Бұл үйде атасы мен немересі тұрады.
[email protected] в категроии Языкознание, филология, вопрос открыт 24.09.2017 в 17:40
Құдық басында ұзын арқанға байланған шелек бар. Жолаушылар мен әрі-бері өткен кісілер құдыққа бұрылып, су ішеді, атайға алғыстырын жаудырады. Бірде байлаулы арқан үзіліп, шелек таба алмай, қолы кесілгендей болды. Келесі күні таңертең атайдың үйіне арбалы шаруа келді. Арбадағы сабанның астында шелегі көрініп жатыр екен. Жолаушы құдыққа көз салып, атай мен немересіне бір қарады да, атына қамшы басып,әрі қарай жүріп кетті. - Бұл не қылған адам? - деп сұрады немересі атасынан. - Бұл жартылай адам, - деді атасы. Түске таман атай үйінің тұсынан екінші жолаушы өтіп бара жатты. Таңдайы құрғаған кісі арбадағы сабанның астына шелегін алып, арқанға байлады да, құдықтан су тартты. Өзі қанғанша ішіп, атай мен немересінің де шөлін қандырды. Қалған суды құрғақ құмға төге салды да, шелегін қайтадаи сабан арасына салып, жүріп кетті. - Бұл не қылған адам? - деп сұрады немересі атасынан. - Бұны да әлі адам деуге болмайды, - деді атасы. Кешке қарай атай үйінің маңына тағы бір кісі тоқтады. Ол арбасынан шелегін алып, арқанға байлады. Су тартып, сусынын қандырды, содан соң алғысын айтып, жүріп кетті. Ал шелегі құдық басында арқанға байланған күйі қала берді. - Бұл қандай адам? - деп сұрады немерем. - Міне, бұл - нағыз адамның өзі, - деп жауап берді атасы
0 ответов
Зарегистрируйтесь или авторизируйтесь на сайте чтобы оставить ответ на вопрос.