1) 25 %-қ 300 г ерітінді дайындау үшін тұздың массалық үлестері 60 % -қ және 10 %-қ екі ерітіндінің қандай массаларын араластыру қажет?

[email protected] в категроии Английский язык, вопрос открыт 15.10.2017 в 08:59

Жауабы: m1 - 90 г, m2 - 210 г.

2) 45 %-қ 250 г ерітіндіні су қосып сұйылтқанда массалық үлесі 10 % -қ ерітінді алынды. Судың массасын есептеңіздер.
Жауабы: m2 - 875 г.

3) 10 %-қ 250 г ерітіндінің концентрациясын 45 %-ға жеткізу үшін қажетті құрғақ тұздың массасын табыңыздар.
Жауабы: m(құрғақ тұз) - 158 г.

4) Еріген заттың массалық үлесі 50 % массасы 200 г күкірт қышқылының ерітіндісін әзірлеу үшін 60 %-қ және 20 %-қ ерітінділерден қанша керек?
Жауабы: m1 - 150 г, m2 - 50 г.

5) Массасы 240 г глаубер тұзына (Na2SO4•10H2O) көлемі 760 мл су қосқанда түзілген ерітіндідегі натрий сульфатының массалық үлесі қандай?
Жауабы: 10,58 %.

6) Көлемі 1 л еріген заттың массалық үлесі 12 %, тығыздығы 1,122 г/мл темір сульфатының ерітіндісін әзірлеу үшін қанша темір купоросы (FeSO4•7H2O ) керек?
Жауабы: 242,35 г.

7) Көлемі 250 мл еріген заттың массалық үлесі 8 %, тығыздығы 1,092 г/мл натрий гидроксидіне 50 г натрий гидроксидін қосқаннан кейінгі ерітіндідегі натрий гидроксидінің массалық үлесін есептеңіздер.
Жауабы: 6,76 %.

8) Массасы 600 г еріген заттың массалық үлесі 50 % ерітінді дайындау үшін 90 %-қ және 30 %-қ ерітінділерден қанша керек?
Жауабы: m1 - 200 г, m2 - 400 г.

9) 1 көлем суда 300 көлем хлорсутек ( қ.ж.) ерітілді.Түзілген ерітіндідегі хлорсутектің массалық үлесін (%) есептеңіздер (судың тығыздығы 1 г/см³).
Жауабы: 32,8 %.

10) Азот қышқылының массалық үлесі 0,96 ( 96  көлемі 30 мл (р = 1,5 г/мл) ерітіндісімен азот қышқылының массалық үлесі 0,48 ( 48  көлемі 40 мл (р = 1,3 г/мл) ерітіндісі араластырылды. Алынған ерітіндідегі азот қышқылының массалық үлесін есептеңіздер.
Жауабы: 70,26 %.

11) 15 %-қ 120 мл аммиак гидратының (NН3•H2O) ерітіндісіне (р= 0,94 г/мл) 28 %-қ 120 мл азот қышқылының ерітіндісі (р= 1,15 г/мл) құйылды. Алынған ерітіндінің ортасы қандай? Реакция теңдеуін жазыңыздар.
Жауабы: қышқылдық орта.
12) Массасы 3,1 г фосфорды жаққанда түзілген фосфор (V) оксиді 14 %-қ 70 мл калий гидроксидінің ерітіндісінде (р = 1,14 г/мл) ерітілді. Түзілген ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңіздер.
Жауабы: 20 %.

13) Көлемі 4,48 мл метанды жаққанда ( қ.ж.) түзілген газ 40 %-қ 14 мл натрий гидроксидінің ерітіндісінде (р= 1,43 г/мл) сіңірілді.Түзілген тұздың массасын есептеңіздер.
Жауабы: 16,8 г.

14) Күкірт массалық үлесі 60 % -қ концентрлі азот қышқылының ерітіндісімен (р = 1,37 г/мл) әрекеттескенде күкірт қышқылы мен көлемі 67,2 л азот (ІІ) оксиді (қ.ж.) түзілді. Реакцияға түскен күкірттің массасын және азот қышқылының көлемін табыңыздар.
Жауабы: 48 г және 229,9 мл.

0 ответов

Нет результатов.
Оставлять ответы могут только авторизированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или  авторизируйтесь на сайте чтобы оставить ответ на вопрос.