Перевод сказки екі дос

[email protected] в категроии Языкознание, филология, вопрос открыт 21.03.2017 в 16:25

помогите только не через переводчик!
Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп, дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығына қарамастан, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына апаруды өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа беретін малым, мүлкім жоқ. Бір – ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай – ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды, - дейді.

Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы. – Екі көзіңді ойып аламын.

Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, - дейді.

Жігіт бұл сыннан толқусыз өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын қойып, зағип

күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

0 ответов

Нет результатов.
Оставлять ответы могут только авторизированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или  авторизируйтесь на сайте чтобы оставить ответ на вопрос.