Минералды сулар – түрлі ауруларға шипа болатын табиғи сулар.

Ольга в категроии Языкознание, филология, вопрос открыт 08.11.2017 в 20:18

Ол жер бетінен сіңген сулардан, шөгінділермен бірге көмілген теңіз суларынан, метаморфизм мен жанартау процестері нәтижесінде босаған сулардан қалыптасады. Тотығу реакциясы басым болатын жер бетіне таяу Минералды сулар құрамында азот, оттек, көмір қышқыл газы, ал тотықсыздану реакциясы басымырақ болатын тереңірек горизонттарда көміртек газдары, күкіртсутек көбірек болады. Минералды сулардың құрамындағы кальций денедегі ісіктерге қарсы ем болып, жүйке жүйесін нығайтады. Хлорлы магний суы қан тамырын кеңейтеді. Сульфатты сулар негізінен өт пен ішті тазалауға көмектеседі. Йодты сулар тамақтың қалқанша безінің, өкпе - бауырдың қызметін жақсартады. Бромды сулар орталық жүйке тамыр қызметін қалпына келтіреді. Темір қосындысы қанның гемоглобиніндегі темір жетіспеушілігін толықтырады. Гемоглобиннің артуына Минералды сулардағы кобальт, никель, күшәла да пайдалы. Сондай-ақ көмірқышқылды сулар қан тамырларының қабілетін жақсартып, жүрекке әл береді. Кремний қышқылды, күкіртсутекті сулар ревматизм, бруцеллез, радикулит, жүрек, тері, т.б. көптеген ауруларға ем. Минералды сулар Қазақстан жерінде, таулы және жазық аймақтарда көп кездеседі. Қазіргі кезге дейін олардың 100-ден астам алабы зерттеліп, шипалық қасиеттері анықталған. Көпшілігіне гидрогеологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, 70%-дан астамы (көбінесе Оңтүстік және Оңтүстік - Шығыс аудандарда) пайдаланылуда. Мысысалы, “Алмаарасан”, “Қапаларасан”, “Сарыағаш”, “Мерке”, т.б. көптеген емдеу-сауықтыру орындары бар.
Напишите 10 вопросов пожалуйства

0 ответов

Нет результатов.
Оставлять ответы могут только авторизированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или  авторизируйтесь на сайте чтобы оставить ответ на вопрос.