Тіл сайысы









(сыныптан тыс іс-шара)







Дайындаған

қазақ тілі мұғалімі:

Амирина Л.Б.











2015-2016 оқу жылы

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

КММ №9 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Амирина Ләйлә Бауыржанқызы

1. Қатысатын категория: қазақ тілі мен әдебиет

"Білгірлер, тапқырлар білім сайысы"



Сайыстың барысы: Жарысқа 5 оқушыдан 2 топ қатысады. Жарыс 6 кезеңнен тұрады.

Мұғалім: - Ана тілі қазағымның қаймағы,

Тілің сенің өміріңнің айғағы.

Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,

Білгірлері 6 сыныптың шығады. Қошемет етіңіздер!

Құрметті ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «Білгірлер мен тапқырлар» білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.



Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Ендігі кезек өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген оқушыларда (Оқушылар өзін - өзі таныстырады). Сайыскерлер өзінің аты- жөні, сыныбы, сүйіп оқитын пәні, жақсы көретін хабары, сүйікті мерекесі, бос уақыты, нені армандайтындығы жөнінде өздерін таныстырып өтеді.



Біздің топ: «Жасұлан»

Біздің ұранымыз: «Тіл бар жерде - өмір бар»

Біздің өлеңіміз: - Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз,

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз.

Біздің топ: «Бәйтерек»

Ұранымыз: «Сүйемін туған тілді - қазақ тілін»

Біздің өлеңіміз: - Тіліміздің бұлағы,

Тірліктің ел жүрегі,

Ана тілін сүйемін,

Отан үшін күйемін.

Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпін. Ал, жас қырандар І-кезеңімізді бастаймыз.

1-кезең: «Сөз тапқанға». Топтың 3 мүшесі әріп таңдап алады, қойылған сұрақтарға жауапты сол әріптен басталатын сөздермен ғана жауап береді.

І топтың сұрақтары: «Ш М Ә»

1. Сенің атың кім?

2. Көңіл-күйің қалай?

3. Әжең бауырсақ пісіре ме?

4. Мектеп оқушылары не істейді?















5. Сан есімді ата?

6. Маржан шетелде тұра ма?

7. Достарың көп пе?

8. Жүз жасқа келгенде не істейсің?

9. Кітапты кім жазады?

10. Ақшаң көп болса маған бересің бе?

11. Қандай қалаларды білесің?

12. Мұражайда нелерді көресің?

13. Ақ бантик тағасың ба?

14. Аспанда не бар?

15. Қыста күн боранды бола ма?











ІІ топтың сұрақтары: «С Ж А»

1. Сенің атың кім?

2. Таңертең тамақ іштің бе?

3. Ауа райы қандай?

4. Әлияны қалай шақырасың?

5. Қалтаңда не бар?

6. Сенің мектебіңде қандай балалар оқиды?

7. Сен қандай елде тұрасың?

8. Нанды көп жейсің бе?

9. Бір сын есімді ата?

10. Қанша тіл білесің?

11. Сен қандай адамсың?

12. Мадина мектепке келді ме?

13. Жандостың жан досын ата?

14. Қымыз тәтті ме?

15. Қыста күн боранды бола ма?

2- кезең: «Ғажайып алаң»

Бұл турда әр сайыскер жеке - жеке әртүрлі тақырыптан сұрақ таңдап өзі жауап береді.

Қазақ тілі - Көп тілді білетін адам кім?

- Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» - деп Ата Заңның нешінші бабында жазылған.

- Сөз таптарын атап бер.

Мемлекеттік мерекелер - ҚР Тәуелсіздік күні қашан тойланады?

30 тамызда қандай мейрамды тойлаймыз?

Қазақстанда бірінші Президент күні қашан тойланады?

Наурызды тойлау қандай астрономиялық құбылысқа байланысты?

География - Ең үлкен көлді ата.

Қазақстан неше мемлектпен шектеседі?

Қазақстанда қанша облыс бар ?

Қазақстанның ең биік тауы ?

Сен білесің бе? - Қазақтың атақты палуаны кім?

Сөз тіркесі, сөйлемді зерттейтін ғылым?

ҚР жоғарғы қолбасшысы кім?

Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған?

3-кезең: «Ойлан, тап» Бұл кезеңде сайыскерлер берілген сөз немесе сөз тіркесі қай өлең шұмағынан екенін және авторын тауып, өлеңді мәнерлеп оқиды.

4 - кезең. Егер де мен ... Бұл кезеңде сайыскерлер карточкада жазылған іскер адам жөнінде, “егер мен бастық болсам бүйтер едім, былай жасар едім» деген сияқты өз ойларын 1 минут уақыт ішінде айтып өтеді. Түрлі- түсті карточкада жазылған іскер адамдар.

Президент

Әкім

Кәсіпкер

Ақын. Бұл кезеңде жоғарғы ұпай – 10

5-кезең: «Кім жылдам?». Көрерменмен жұмыс.

1-топтың жасыратын сөздері: нан, қалам, қағаз, гүл, сатушы, сағат, орман, шаш, жазушы, терезе.

2- топтың жасыратын сөздері: кітап, домбыра, қазақ тілі, мысық, әнші, үй, жаңбыр, құс, жаңа жыл, киіз үй.

6 – кезең: «Жекпе-жек» капитандар сайысы. Бұл кезеңде әр топтағы сайыскерлер ішінен 1 оқушыдан шығады. Әрбір ойыншыға 20 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

А) 1.Бір жылда неше ай бар? (12)

2. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

3.Қай септік үндестік заңына бағынбайды? (көмектес)

4.ҚР-ның валютасы? ( теңге)

5.ҚР-ның Ата Заңы күні ?( 30 тамыз).

6. Қазақ халқының ұлттық муз.аспабы. (домбыра)

7. Ақмола облысының орталығы? (Көкшетау)

8.Жалгаудың неше түрі бар? (4)

9. Сұраулы сөйлемге мысал келтір.

10. Кішкентай сөзінің диалектісі? (Біттей).

11.Мұғалім сөзінің синонимдері.(оқытушы.ұстаз).

12.Сілесі қату –тұрақты сөз тіркесінің мағынасы қандай.(шаршау).

13. Жиі-сөзінің антонимін ата.(Сирек.)

14.Мақалды жалғастыр: «Көппен көрген ....»( ұлы той).

15. Жазушы Мұқановтың есімі кім? (Сәбит).

16. Алғашқы рет мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин).

17.Сөйлемді дұрыс құра. Боран, соғады, қыста.

18. Қазақтың үш биін ата. (Әйтеке.,Төле би.,Қазыбек би).

19.Фонетика нені зерттейді?

20.Мақалды аяқта. «Тіл тас жарады, тас жармаса...( бас жарады).

Ә) 1. Бір жылда неше күн бар? (365)

2. Септіктің неше түрі бар ? (7)

3. Есімдіктің мағынасына қарай неше түрі бар? (6)

4. Сөздердің дұрыс жазылу ережелерінің жиынтығы қалай аталады? (орфография)

5. Буынның қандай түрлері бар?(ашық, бітеу, тұйық)

6. Көп - сөзінің антонимы (аз)

7. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер.(антоним)

9. Заттың сынын білдіретін сөз табы.( сын есім)

10. Ең алғаш қазақ мектебін кім ашты? (Ы.Алтынсарин).

11. А. Құнанбаевтың неше қарасөзі бар?(46)

12. Қазақ хрестоматиясын кім жазды?(Ахмет Байтұрсынов)

13. Қазақ халқының ұлттық ойыны (тоғызқұмалақ)

14. Сұраулы шылауларды ата (Ма,ме.ба,бе.па,пе.ше)

15. М. Әуезовтың атақты романы(Абай жолы)

16. Төрт қандай буынды сөз? (бітеу)

17. «Қоян жүрек» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы қандай.(қорқақ)

18. Мақалды аяқта « Күлме досыңа... (келер басыңа)

19. Тіл білімінің дыбыстық жағынан зерттейтін саласы қалай аталады? (фонетика)

20. Қазақтың батыр қыздары кім? (Әлия.Мәншүк)

- Сайыс қорытындысын шығару үшін әділқазылар алқасына сөз кезегі беріледі.

- оқушыларды мадақтау.

- Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағыда үйренеміз аман болсақ!





Нравится материал? Поддержи автора!

Ещё документы из категории разное:

X Код для использования на сайте:
Ширина блока px

Скопируйте этот код и вставьте себе на сайт

X

Чтобы скачать документ, порекомендуйте, пожалуйста, его своим друзьям в любой соц. сети.

После чего кнопка «СКАЧАТЬ» станет доступной!

Кнопочки находятся чуть ниже. Спасибо!

Кнопки:

Скачать документ