Бастауыш сынып оқушыларын сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

C:\Users\user1\Desktop\20140303_141207-1-1.jpg







Утешова Сауле Тулекбаевна

Алматы қаласы№ МКМ « ЖБОМ № 127»

бірінші категориялы бастауыш сынып мұғалімі

Бастауыш сынып оқушыларын сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған бағдарлама сындарлы оқыту теориясына негізделген. Бұл теория оқушылардың өздігінен білім алуына, ойын дамытуға, оны өмірде қолдануына ықпал етеді.

Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады (нұсқаулық 12-бет).Осы бағдарламаны меңгеріп, өткізген сабақтарымда бағдарламада ұсынылған жеті модульдің ішінен "Сыни тұрғыдан ойлау" модулін таңдап алдым.Бұл модульді таңдап алу мақсатым сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы, ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауды көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге арналған шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

(нұсқаулық 48-бет).

Оқыту стратегиялары оқушы алған білімінің құрылымын жасауға ықпал етеді. Бұл оқушыларға бұрынғы білімді жаңа біліммен ұштастыруға, өзінің шама-шарқынша ой толғау жасауға, алған білімдерін қоршаған ортамен арақатынаста көруге, өзіндік ойлауды дамытуға, іс-әрекетімен оқыту үрдісіне мағына береді. (С. Мирсеитова)

Әрбір өткізген сабақтарымда жеті модульдің ішінен сыни тұрғыдан ойлау модулін қолданып оны Блум таксономиясымен ықпалдастырдым.

Сабаққа деген қызығушылығын арттыру барысында тапсырмалардың қай түрін, неге бағыттап, қалай беруім керек? деген мәселелерді ескеріп отырдым. Әр тапсырманың оқушының сыни тұрғыдан ойлауы мен топпен жұмыс істеуде нәтижелі болуына баса назар аудардым. Жұмыстың негізгі мақсаты зерттеліп, талданып, жауабын табу үшін жеткілікті түрде материалдың болуы үлкен роль атқаратынына көзім жетті. Ал, жаңа алынған білімді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оларға шешім қабылдай алатын мүмкіндік беріп отырдым. Соның нәтижесінде оқығандарын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсетіп, әрқайсысы сұрақ қойды және оған жауап таба білді,болжау жасауды үйренді, кез келген ситуациялық жағдайдан шығу үшін осы білімді қолданды.Мектептегі тәжірибе кезінде сабағымды бастамас бұрын әріптестермен кеңес өткізіп, ата-аналармен байланыс жасап

бұл жаңа әдіс-тәсілдердің тиімді, құнды жақтарын айттым." Бірлесіп пішкен тон келте болмас" дегендей жалпы мектеп ұжымы қолдау көрсетіп, сенімділік танытқан соң өзімде бір күш пайда болып ынталы, түрде әр сабағымды жақсы, тиімді өткізуге тырыстым.Алғашқы сабақтарымды "Сәтті болсын күніміз" атты психологиялық дайындықтан бастадым. Бұл бөлімде олар бір-біріне жылы сөз, жақсы тілектерін арнады.Мысалы, бір оқушым "анамның жылы сөздерін естігенді қалаймын" десе, Мадина "күнің де түнің де сәтті болсын" дегенінің өзі жылулық сезімін орнатты. Әр түсті гүлдерді таңдау,гүлдер қиындысын құрастыру, сыныпты санау, конфеттер тарату арқылы топқа бөлдім және алдын ала өздері нақтылаған "бағалау критерийлері" бойынша өздерін-өздері бағалайтындарын ескерттім.Топ мүшелерінің әрқайсына өз рөлдеріне қандай жауапкершілікпен қарау керектігін түсіндірумен қатар, олардың қалауларын мадақтап отырдым.Мысалы:"Ақзия сен топ басшысы боласың, Шынар сен қателерді тексересің, Мирас сен жаттығудағы суретті әңгімелейсің", Өткен сабақта Арай хатшы болған,осы жолы Айгерім болады"-деп. Белгіленген уақыттан соң оқушылардың топтық жұмысты өздері ұйымдастыруды үйренгенін көрдім. Мұндағы мақсатым оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту. Алғашқы сабақтарда олар қиындылардағы түстер бойынша бір-бірін тапқанымен, әрі қарай не істеу керектігін білмей тоқталып қала берді. Даниял, Арайлым, Ақзия бірден "Бұл қиындыларды құрастыру керек шығар"-деген ұсыныс айтты. Тапсырманы орындауда әр топ мүшесі белсене араласып қиындылар арқылы суреттер құрастырды. Топқа бөлініп жұмыс жасаған балаларға ұнады. Топ құрамын жиі өзгертіп отырдым.Дәстүрлі сабаққа қарағанда,топтық жұмыс кезінде қызу пікірсайыстар болды.Ал өзім топтан топқа ауысып,оқушылар назарын тапсырмаға аударып,мәселелерді шешуге көмектесе отырып, оларға өзімді бәрін білетін адам емес,тек бақылаушы, көмекші,кеңесші ретінде көрсеттім ондағы көздегенім оқушының іс-әрекетін ұйымдастырып бақылау еді. Ал осы ықпалдастық сыныптағы психологиялық ахуалға және оқушылардың өзін-өзі бағалауына жағымды әсерін тигізді. Ой қозғау мақсатында оқушылардан өткен сабақта нені білгендерін тапсырманы орындату арқылы анықтап, бүгінгі сабақта нені үйренетіні туралы айтып өттім. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнатып, сергіту сәтін ұйымдастырдым, олар сергіту сәтінің жаңа формасына таң қалысты. Әр топқа постерлер таратылып, өз араларында талқылауды тапсырдым.Оқушылар берілген тапсырманы асқан қызығушылықпен орындады, тіпті бір-бірінің пікірлерімен келіспеушіліктер де кездесті.Бұдан ұққаным топтағы жұмыста ұтымды диалогты құра білу сабақтың өнімді жүргізілуінің тірегі және оқытушы мен оқушы арасындағы сезімдерін жақсартатындығын түсіндім. Әр топ арасында ой алмастыруды ұйымдастырған кезде ғана кімнің пікірі тамаша болғандығын дәлелдеумен бірге, зейін салып тыңдамаған оқушыларға "сен сабақта дұрыс түсіне алмағансың ғой,бірақ сенің сабақты білгің келіп тұрғаны мені қуантты"-деген сөздерді жиі қолданып отырдым. Осындай ынтымақтастық болғанда ғана олар өз ойларын айтудан жасқанбайтындығына көз жеткіздім.Осыдан оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытатын сұрақтардың санын көбейту керек деген шешімге келдім. Мен оқытушы мен оқушы,оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, сыни тұрғыдан ойлауын дамытатындығын ұғындым. Осы тәжірибе кезінде аңғарғаным бұрын өздеріне сенімсіздік білдіріп, тартқыншақтап отыратын оқушыларда өз ойларын айтуға, пікір қосуға ұмтыла бастады. Мысылы Қанатбек, Елдар топтық жұмыс кезінде өздерінің суретті жақсы салатынын көрсетті, тапсырмалар орындау кезінде бұрын сөйлемейтін оқушылар өз пікірін қосып, іс-әрекеттерінде бір құлшыныс бар екендігін көрсетті.

4-сыныпта "Сан есімдер" тақырыбында өткен сабағымда оқушыларға тақырыпты ашуда ситуациядан шығу мақсатында жұмбақ жасырып,қайта бағыттау сұрақтарын қойдым." Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді,құралына айналады"(МАН 11-бет) "Тақтадан не көріп тұрсыздар? Сөздер неге әртүрлі жазылған деп ойлайсыздар? деген сұрақтар олардың ойланып жауап беруіне түрткі болды. Нәтижесінде бірден "Бұлар сан есімдер ғой"-деп жауап берді.Ол үшін алдымен сан есімдер сөзінің мағынасын түсіндіріп, оны басқа сөз таптарымен салыстырып айтуын өтіндім.Кейін оқушылар тақырыптың мағынасын ғана түсініп қоймай, өздері де мысал да келтіре бастады.

Ал "Дара және күрделі сан есімдер"атты сабақта өткен тақырыпты пысықтау үшін он сұрақ дайындадым және оған тез және ұтымды жауап берулерін сұрап, сыни тұрғысынан ойлау модулі бойынша "Венн диаграммасын" қолдандым. Оқушыларға "Дара және күрделі сан есімдерге" ортақ қасиеттері мен айырмашылықтарын айтып оларды салыстыра білді. Оқушылар топ болып ынтымақтаса жұмыс істеді. Бұрын көп сөйлемейтін Мадияр өз ойын білдіріп, топтың атынан пікірін білдіріп қорғап шықты.

Интербелсенді тақтадағы тапсырмаларды жеңілдікпен орындап белсенділік танытты. Бұдан кейін INSERT үлестірмесін таратып оқушыларды іс-әрекетте жұмыс жасауына ықпал еттім. Ол бойынша оқушыларға оқу, тақырыппен танысу барысында V -"білемін", - "мен үшін түсініксіз", + -"мен үшін жаңа ақпарат", ? - "мені таңқалдырады" белгілерін қойып отыруды алдын-ала тапсырдым. Бұл топтардың оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал болды. INSERT тәсілі арқылы осы тақырыпта өздігінен зерттеп келген Шынар өз білгенін ортаға салды. Маған оқушылардың өздері оқып, түсінгендерін берген жауаптарынан білдім. Содан кейін, INSERT кестесін қайта толтырғанда білмейтінінен білетіндері баршылық екенін анықтап, нәтиженің көрінгеніне іштей риза болдым. Постермен жұмыс істеу барысында да топта көшбасшы рөліндегі оқушылар, орташа оқитын оқушыларға жәрдемдесіп, нәтижесінде сыныптарынан қолдау алған Ақзия, Жандарбек, Ақыл, Шынар атты оқушылар өз ойларын ашып айтып қана қоймай, өз топтарының атынан сөйлеп топ намысын қорғап шықты.Сабаққа сыныптағы 24 оқушы түгел дерлік қатысып,өздерінің білігі мен білімдерін өз түсінік дәрежесінде көрсетті.Сондықтан алғашқы сабақтағыдай "менің бағам неге олай?..." деген сұрақтар туындамады, олар да өз деңгейлерін түсінді.

Келесі "Дара және күрделі сан есімдер" атты сабағымда "Миға шабуыл" стратегиясын оқушыларды ойландыру мақсатында қолдандым. Бұл кезеңде мінезі тұйықтау Арайлым өзге оқушылардан тезірек қимылдап, әрі дара және күрделі түрде айтылатын сан есімдерді көбірек атады, себебі оқушының ойы өте ұшқыр, терең екендігін жауабынан байқадым. Оқушылар берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындады. Ал, Сара, Аружан, Ақыл постер қорғау кезінде жоғары деңгейде баяндады. Атап айтсам, өз постерлерін "Сан есімді" күнделікті өмірмен байланыстырып, "Сочидегі олимпиаданың қай кезде басталғанын, "Наурыз көженің" құрамы неше заттан тұратынын, санға байланысты сағаттың, сызғыштың суреттері арқылы дәлелдей түсті. Олар "Еркін жазу" стратегиясы арқылы сан есімдер туралы мақал-мәтелдердің мағынасын талдап білгендерін ортаға салды, басқа оқушылар олардың жауаптарын бағалады.

1. Жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын.

2. Жеті рет өлше,бір рет кес.

3. Жүздің түсін білгенше,бірдің атын біл т.б. Оқулықтағы жаттығуларда берілген мақалдарды, тірек сөздерді негізге ала отырып, сан есімдер туралы шағын эссе жазды. Жарқынбек, Досжан, Шынар өздерінің жазуға қабілеттерінің жоғары екенін дәлелдеп берді.

"Еркін жазу", "Венн диаграммасы", "Эссе жазу", т.б. әдіс-тәсілдерді сабақтың ой толғаныс кезеңінде пайдаланған өте тиімді екенін білдім. Сабақ бойы қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерлерін, не үйренгендерін, нені әлі де білу керек екендігін, білу мақсатында өз пікірлерін қағаз бетіне түсіруді тапсырдым. Берілген тапсырманы белгілі уақыт ішінде алдымен жеке ойланып, жұппен, топпен талқылады. Уақыт аяқталған кезде оқушылар топ ішінен ең жақсы деп танылған жұмысты "ыстық орындыққа" шығып оқыды.Бұдан алған білімдерін қорытуға, сыни тұрғыдан ойлап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез - келген сабақта қолдануға болатынына көзім жетті.

Тізбектелген сабақтар топтамасында "Қатені тап " оқыта үйрету ойынын қолдандым. Мақсатым: өзін-өзі реттеуін толық қамтамасыз ету, сыни тұрғыдан ойлауын ойын арқылы жүзеге асыру.

1) суретте 1-2 қате жіберіледі (жан-жануарлардың,заттардың суреттері салынып олардың аяқ,дене мүшелерінің санын артық немесе кем салу);

2) мәтін құрастырылып,онда бірнеше сөзді тастап немесе алмастыру керек.

Бұл жұмыс 15 минутқа созылып,ал топтың барлық қайталауына 5 минут берілді. Қайталаудан кейін топтар тапсырмаларымен алмасып,бір-біріндегі қателерді тауып,түзетіп арнайы парақшаларға жазды.

Үшінші сабақта Жигсо-ұжымдық оқыту әдісін пайдалану барысында, оқушылар жалпы мәселені алдымен жұп болып, сосын топта талқылады. Әр оқушы өзін лидер ретінде сезінді, оқуға деген жауапкершілігі артты.Ал, ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйрене бастады. Жигсо-стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді екенін аңғардым. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артып, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасатынын түсіндім.

Мектептегі тәжірибе кезінде Жигсо стратегиясымен жұмыс істегенде біршама қиындықтарға кезіктім. Оның себебі оқушылардың бұрын бұл әдіспен жұмыс істемегендігінде.

Мені түйгенім сын тұрғысынан ойлауды дамытуда әсіресе сұрақтардың маңызы ерекше.Тиімді сыни ойлауға қатысу үшін оқушылар өзіне деген сенімін және өз пікірлері мен идеяларын, құндылықтарын түсінуін арттыруға, оқыту үрдісіне белсене қатысуға, басқалардың пікірін сыйлауға, пікірді қолдауға және құрастыруға дайын болулары керек.

Бұрынғы дәстүрлі сабақтарда үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға көп уақыт жіберіп алсам, бағдарламаны оқып-үйрену барысында оқушы толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау аса қажетті, маңызды әрекет болып табылды. Тізбектелген сабақтар топтамасына "Сыни тұрғысынан ойлау" модулін енгізу мен үшін оқушының не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін үйрету болып табылды. Оқушы белсенді түрде өзі білім үйрену жолын қайта қарап, өзгерістер енгізе білді. Өзіне деген сенімділік, өзгенің пікірімен санасу, нағыз білім шыңына көтерілу мақсаты қалыптасты.

Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын атап көрсетті. Осы идеяны мақұлдай отырып сабақ барысында, оқушылардың қарым-қатынасын жақсарту үшін әрі ойын дамыту мақсатында постермен жұмыс жүргізілді,түртіп оқу, Синквейн, пікірталас, эссе, Венн диаграммасы стратегияларын қолдана білдім. Олар үйрену үрдісі – арқылы бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастыра білді. Өтілгелі тұрған тақырып жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтай алдым. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділігін көрсетуіне жағдай жасалады.Бұл ретте, мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығын түсіндім. "Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар .Сабақ соңында кері байланыс ретінде оқушылар сабақта түсінгендерін,алған әсерлерін стикерге жазып, тақтаға іліп жүрді. Атап айтсам, Ақзияға, Жақсыбекке, Шынарға, Айгерімге топтасып жұмыс жасау және постермен жұмыс ұнаса, ал Ақылға, Даниялға, Мадинаға сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер ұнады. Сабақтар соңында өздерін және топтағы сыныптастарын бағалауға үйренді.Бірін-бірі бағалау барысында оқушылар сыни тұрғыда ойланды.Осы өткізілген сабақтар барысында менің тағы бір ұққаным дәстүрлі сабақтарда болмаған кезеңнің бірі кері байланыстың болуы. Мен үшін әр сабағымды жоспарлау үшін бұл кезеңнің келтірген пайдасы зор болды. Әр оқушы өз деңгейін, шығармашылығын көрсете алды. Ой-толғаныс сабақты қортындылау кезеңі болғандықтан, олар үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін үйренді. Сыни тұрғысынан ойлаудың ең керемет тұстары оқушылардың жан-жақты іздену қабілеттері дамиды және нашар оқитын оқушыларда қозғалыс,ізденіс, ұмтылыс қабілеттері пайда болды. Кейбір сабақтарымда кедергілергілер кездессе де да оны жеңу жолдарын іздестіре бастадым, айта кетсем, топқа бөліну кезінде шатасып кету, жұппен, топпен жұмыс түрлерін ажырата алмау, салған суреттерін толыққанды жеткізе алмауы, өздерін еркін сезіне алмай қысылуы, ойларының шашыраңқы болуы. Ал соңғы сабақтағы оқушылардың ой еркіндігі, ізденісі, тапсырмаларды өз бетімен орындауы,ойын емін-еркін жеткізе алуы,уақытты тиімді пайдалануы, оқу, танымдық әрекеттерінің артуы мені қуантты.Аз уақыттың ішіндегі жеткен жетістіктерім, менің бойыма сенімділік пен құлшыныс ұялатты

Қорыта келе, "Сын тұрғысынан ойлау" модулін сабақта қолдану оқушылардың басқалармен қарым-қатынас жасай білуін, өз пікірін ашық айтуын өз бетінше ізденуін, пікірін айқын дәлелдермен жеткізуге ,өзгенің іс әрекеттерін әділ бағалап, өзгелердің пікірін тыңдап кез-келген жауапқа түсіністікпен қарауын, ең маңыздысы сабаққа қызығушылығы оянып, белсенділігінің артуын қамтамасыз етеді.

Болашақта мен өз тәжірибемді үзбей оқу мен әріптестермен тәжірибе алмаса отырып, Бағдарламаның жеті модулін жан-жақты оқып, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабағымды оқушылардың қызығушылығын оята алатындай етіп өткіземін. Әр түрлі білім-біліктілікті арттыру курстарына қатысамын. Қосымша ақпараттармен танысамын. Өзіме өзім сыни тұрғыдан қараймын. Оқушымен арада кері байланыс орнатамын.



































Нравится материал? Поддержи автора!

Ещё документы из категории начальная школа:

X Код для использования на сайте:
Ширина блока px

Скопируйте этот код и вставьте себе на сайт

X

Чтобы скачать документ, порекомендуйте, пожалуйста, его своим друзьям в любой соц. сети.

После чего кнопка «СКАЧАТЬ» станет доступной!

Кнопочки находятся чуть ниже. Спасибо!

Кнопки:

Скачать документ